Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2027. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243  P981243_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
      3-тармақтың үшінші абзацындағы "1999 жылдың желтоқсанында" деген сөздерден кейін "2000 жылдың желтоқсанында" деген сөздермен толықтырылсын.
     осы қаулыға 1-қосымшада:
     "Бір жылға арналған квотаның көлемі" деген бағандағы "Бір жылға арналған" деген сөздер "2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша" деген сөздермен және "8000" деген сан "3000" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады