Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 173 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 2000 жылғы 10 наурыз N 38-ө

      "KEGOC" Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" ашық акционерлік қоғамының электр желілер объектілері тұрған жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 173 R990173_ өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесіндегі "32-бабының 1-тармағына" деген сөздер "18-бабына және 32-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "электр желілер объектілері тұрған, төлем алусыз жарғы капиталына берілген жер учаскелерін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1996 жылғы 28 қыркүйектегі N 1188 және "KEGOC" электр жүйелерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамының қызметін жандандыру жөніндегі

 

кезек күттірмейтін шаралар туралы" 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1210

қаулыларының негізінде "KEGOC" ААҚ-ның жарғылық капиталына берілген электр

желілері объектілері, ғимараттар мен құрылыстар тұрған жер учаскелерін

төлем алусыз" деген сөздермен ауыстырылсын.


     Премьер-Министр



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады