"KEGOC" Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" ашық акционерлік қоғамының электр желілер объектілері тұрған жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 8 желтоқсан N 173-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күші бар Жарлығының 18-бабына және 32-бабының 1-тармағына сәйкес:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364
               қаулысымен. P000364_
      1. Облыс, Алматы және Астана қалаларының әкімдері және Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен екі ай мерзімде "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "KEGOC" ААҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1996 жылғы 28 қыркүйектегі N 1188 және "KEGOC" электр жүйелерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамының қызметін жандандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1210 қаулыларының негізінде "KEGOC" ААҚ-ның жарғылық капиталына берілген электр желілері объектілері, ғимараттар мен құрылыстар тұрған жер учаскелерін төлем алусыз "KEGOC" ААҚ-ның меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364
               қаулысымен. P000364_
      2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен осы өкімнің 1-тармағына сәйкес берілетін жер учаскелеріне меншік құқығы актілерін ресімдеуді және оларды бағалауды жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "KEGOC" ААҚ-ның жарғы капиталын осы өкімнің 1-тармағына сәйкес берілетін жер учаскелері бағасының құнына ұлғайту жөнінде шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарда белгіленген

 

тәртіппен "KEGOC" ААҚ-на берілетін жер учаскелеріне арналған меншік

құқығына мемлекеттік тіркеу жүргізсін.

     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады