Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы Әлем кубогының Азиялық iрiктеу турнирi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 27 ақпан N 15-ө

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан футбол одағының, Футбол қауымдастықтары халықаралық федерациясының және Азия футбол конфедерациясының 2001 жылғы 20-26 сәуiрде Алматы қаласында Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы Әлем кубогының Азиялық iрiктеу турнирiн (бұдан әрi - Азиялық iрiктеу турнирi) өткiзу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан футбол одағымен бiрлесiп Азиялық iрiктеу турнирiн өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Азиялық iрiктеу турнирiне қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi Азиялық iрiктеу турнирiне қатысушылар тұратын және жарыстар өткiзiлетiн орындарда қоғамдық тәртiптi және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

 

министрлiгi Азиялық iрiктеу турнирiне дайындық пен оның өткiзiлуi барысын

кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.

     6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

Азиялық iріктеу турниріне қатысушыларды тасымалдауға жәрдем көрсетсiн.


     Премьер-Министр




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады