Қазақстан Республикасы мен "Айзенберг" компаниялар тобы арасындағы
қатынастарды реттеу жөніндегі мәселені қарау мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Нұрқиянов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Төлеухан Мұратханұлы шаруашылығы вице-министрі,
жетекші
Елекеев - Қазақстан Республикасының Әділет
Ирак Қасымұлы вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Әкежанов - Қазақстан Республикасының
Қуат Балқашұлы Әділет министрлігінің Мемлекеттің
мүліктік құқықтарын қорғау
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
Косицын - Қазақстан Республикасы Ауыл
Владимир Иванович шаруашылығы министрлігінің Егіншілік
департаменті егіншілік және
мелиорация басқармасының бастығы
Болатбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігінің Мемлекеттік қарыз
алу департаменті рейтингілік
агенттіктермен және халықаралық
қаржы ұйымдарымен жұмыс
жөніндегі басқармасының бастығы
Шнайдер - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Сергей Андреевич істер министрлігі Экономикалық
саясат департаментінің үшінші
хатшысы
Сахари - Қазақстан Республикасы Ауыл
Дидар Белгібайұлы шаруашылығы министрлігінің
Құқықтық және ұйымдық жұмыс
департаменті құқықтық сараптама
бөлімінің бастығы
2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде "Айзенберг"
компаниялар тобының өкілдерімен келіссөздер жүргізсін және Қазақстан
Республикасы мен "Айзенберг" компаниялар тобы арасындағы қатынастарды
реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.