1. Қазақстан Республикасында сауда рыноктарының қызметін реттеу
мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы
құрылсын:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары,
жетекші
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда вице-министрі,
жетекшінің орынбасары
Воевутко Юрий Иосифович - Қазақстан Республикасының ішкі істер
министрлігі Жол полициясы комитеті
төрағасының орынбасары
Тілеумұратов Юрий Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
кіріс министрлігі Өндірістік емес
төлемдер департаментінің директоры
Тоқсейітова Рабиға Әлібекқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық
қадағалау департаменті Ветеринарлық
әдіснама және нормативтік кесімдер
басқармасының бастығы
Үсенова Гауһар Сұлтанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және жұмыспен қамту департаменті
директорының орынбасары
Әбдірахманова Сәуле Нығметжанқызы - Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігінің Бәсекелестікті
дамыту департаменті Бәсекелі рынокты
талдау және оның әдіснамасы
басқармасының бастығы
Мұқатаев Зәңгір Қалиұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы
агенттігінің Қаржылық қылмыстарды
анықтау жөніндегі департаменті
Қаржылық қылмыстарды анықтау жөніндегі
басқармасының 2-бөлімі бастығының
міндетін атқарушы
Тілеубекова Бахытгүл Төлеуханқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитеті санитарлық-гигиеналық
қадағалау бөлімінің бастығы
Айташева Ынтызар Ғайнетдинқызы - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда министрлігі Сауда,
халықаралық ынтымақтастық және
экспорттық бақылау департаментінің
бөлім бастығы
Ыбырайқұлова Жанат Сұлтанқұлқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің бас маманы
Смагин Алексей Петрович - Қазақстан рыноктары мен кәсіпкерлері
қауымдастығының вице-президенті
(келісім бойынша)
Кравченко Андрей Алексеевич - Петропавл қаласы "Алтын базар" ашық
акционерлік қоғамының қаржы мәселелері
жөніндегі вице-президенті
(келісім бойынша).
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.23. N 128 өкімімен.
2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасының
Үкіметіне Қазақстан Республикасында сауда рыноктарын ұйымдастыру мен
дамыту және олардың қызметтерін реттеу мәселелері жөнінде ұсыныстар
енгізсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік
органдар (келісім бойынша) жұмыс тобының сұрауы бойынша қажетті ақпарат
берсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.