Күзет қызметi саласының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 21 маусым N 82-ө

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Z000085_ Заңын күзет қызметiнiң субъектiлерi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қызметтi ретке келтiру бөлiгінде iске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiнiң барлық түрiн жүзеге асыратын, сенiмгерлiк басқаруында жеке күзет ұйымдары бар, олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, сондай-ақ күзет бөлiмшелерi бар жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар болып табылатын барлық шетелдiк заңды тұлғалардан, шетелдiк қатысуы бар заңды тұлғалардан, шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан лицензияларды қайтарып алуға қажеттi шаралар қабылдасын;
      қауiпсiздiгін техникалық жүйелерiне, жабдығына, аппаратурасына және басқа да күзет пен дабыл белгiлерi құралдарына, механикалық және арнаулы қорғану құралдарына халықаралық талаптармен үйлестiрiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлесiн;
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның объектiлерiнен басқа, ерекше режимдi, режимдi, айрықша күзетiлетiн санатқа жатқызылған объектiлерде, сондай-ақ мемлекеттiк күзетiлуi тиiс тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде қауiпсiздiк жүйелерiн жобалау, монтаждау, реттеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң немесе олардың бақылауымен қызметтiң осы түрiмен айналысуға белгiленген тәртiппен лицензия алған және объектілердiң жоғарыда көрсетiлген санаттарында жұмыс iстеуге рұқсат нысаны бар субъектiлердiң жүргiзуiн қамтамасыз етсiн;
      жеке күзетшiлерге, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттік органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары,

 

сондай ақ құқық қорғау органдары үшiн белгiленген нысандағы киiм-кешектi,

айырым белгiлерiн пайдалануға жол бермеу жөнiнде қажеттi шаралар

қабылдасын.

     2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.


     Премьер-Министр




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады