Қазақстан Республикасының экономикасын интенсивтендіру мониторингін жасау және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 28 қазан N 166. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының экономикасын интенсивтендіру мониторингін жасау және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев Ербол            - Қазақстан Республикасының Экономика
Тұрмаханұлы                 және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                            жетекші

Әшімов Нұрғали            - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сәдуақасұлы                 және минералдық ресурстар бірінші
                            вице-министрі

Бәтпенов Талғат           - Қазақстан Республикасының Экономика
Жұмағұлұлы                  және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Ақпараттандыру саясаты департаменті
                            ғылым және инновация бөлімінің бастығы

Кетіркеева Райгүл         - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мамырханқызы                шаруашылығы министрлігі Стратегия
                            және мемлекеттік реттеу департаменті
                            директорының орынбасары

Мұқанов Елтай             - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жанәбілұлы                  коммуникациялар министрлігі
                            Қаржылық реттеу департаменті
                            директорының орынбасары

Мұқанов Төлеген           - Қазақстан Республикасының Индустрия
Мұқанұлы                    және сауда министрлігі Индустриалдық
                            саясат департаменті тау-кен-металлургия
                            кешені басқармасы бастығының орынбасары

Райымбеков Нұржан         - Қазақстан Республикасының Энергетика
Евгеньевич                  және минералдық ресурстар министрлігі
                            жиынтық-талдама басқармасы
                            бастығының орынбасары

Шокаманов Юрий            - Қазақстан Республикасының Статистика
Камирович                   жөніндегі агенттігі төрағасының
                            бірінші орынбасары

      2. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) мамандарын тартуға, сондай-ақ оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқық берілсін.

      3. Жұмыс тобы 2003 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының экономикасын интенсивтендіру мониторингін жасау және жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады