Пауэрлифтингтен Азия чемпионатын өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 57-ө өкімі

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 30 сәуiр - 4 мамырда Алматы қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионатын (бұдан әрi - Чемпионат) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған Чемпионатты дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының бодибилдинг, пауэрлифтинг және фитнес федерациясымен бiрлесiп, Чемпионатты ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы қаласының әкiмi Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайын беруге, Чемпионатқа қатысушылардың тұруы мен тамақтануын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi ұсынған тiзiм бойынша Чемпионатқа қатысушылардың және ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жарысқа қатысушыларды, ресми адамдарды, өкiлдер мен төрешiлердi көлiктiң барлық түрiмен күтiп алуды және жөнелтудi қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Чемпионатқа қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Чемпионатқа қатысушылар тұратын және жарыс өтетiн жерлерiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды және қауiпсiздiктi қамтамасыз етсiн.

      9. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Чемпионатқа дайындық пен оның өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      10. Чемпионатты дайындау мен өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды 2003 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат шегiнде көрсетiлген iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттiк органдармен-бағдарламалардың әкiмшiлерiмен жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2003 жылғы 14 сәуірдегі 
N 57 өкiмiмен     
бекiтiлген      

Пауэрлифтингтен Азия чемпионатын дайындау және
өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ

Тұрлыханов             - Қазақстан Республикасының Туризм және
Дәулет Болатұлы          спорт жөнiндегі агенттiгiнiң төрағасы,
                         төраға

Мерғалиев              - Қазақстан Республикасының бодибилдинг,
Болат Кәкiмұлы           пауэрлифтинг және фитнес федерациясының
                         президентi, төрағаның орынбасары
                         (келiсiм бойынша)

                Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi

Әлiмбекова             - Қазақстан Республикасының Туризм және
Гүлнәр Смәдiлқызы        спорт жөнiндегi агенттiгi экономика және
                         қаржы бөлiмiнiң бастығы

Айдарханов             - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Арман Тергеуұлы          сақтау вице-министрi

Жанпейiсов             - Қазақстан Республикасының
Қайыргелдi Мәсiғұтұлы    пауэрлифтингтен мемлекеттiк
                         жаттықтырушысы (келiсiм бойынша)

Захарьин               - Балуан Шолақ атындағы Спорт және
Юрий Кузьмич             мәдениет сарайының директоры
                         (келiсiм бойынша)

Коржов                 - Қазақстан Республикасының бодибилдинг,
Сергей Васильевич        пауэрлифтинг және фитнес федерациясының
                         бас хатшысы (келiсiм бойынша)

Қоңырбаев              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Уәлихан Сиянбекұлы       министрлiгiнiң Консулдық қызмет
                         департаментiнiң директоры

Қанағатов              - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхаметұлы     спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                         орынбасары

Лавриненко             - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович            коммуникациялар бiрiншi вице-министрi

Отто                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович            вице-министрi

Рябченко               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Олег Григорьевич         ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi
                         вице-министрi

Төкеев                 - Қазақстан Республикасының Туризм және
Серiк Адамұлы            спорт жөнiндегi агенттiгi Ұлттық штаттық
                         командалары және спорт резервi
                         дирекциясының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады