Халық жазушысы Дмитрий Снегиндi мәңгі есте сақтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 58-ө өкімі

      Көрнектi қоғам қайраткерi, "Президенттің бейбiтшiлiк және рухани келiсiм сыйлығының" лауреаты, халық жазушысы Дмитрий Снегиндi мәңгі есте сақтау мақсатында

      1. Алматы қаласының әкiмi:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен Алматы қаласы көшелерiнiң бiрiне халық жазушысы Дмитрий Снегиннiң есiмiн берсiн;
      2) Дмитрий Снегин тұрған және жұмыс iстеген Алматы қаласы, Төлебаев көшесi, 130 мекен-жайы бойынша орналасқан үйге сынтас орнатсын;
      3) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға Алматы қаласы мектептерiнiң бiрiне Дмитрий Снегиннiң есiмiн беру туралы ұсыныс енгiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Дмитрий Снегин туралы отандастардың естелiк кiтабын және оның шығармалары жинағын басып шығаруды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады