Екіжақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерiн талқылау үшін Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметi делегациясының сапарына байланысты:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметi делегациясы мүшелерiнiң 2003 жылғы 16-18 сәуiрде Алматы қаласында қонақ үйде тұруына 439560 (төрт жүз отыз тоғыз мың бес жүз алпыс) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр