Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны ашу жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 135-ө өкімі

      Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі - ҚХР) типтік емес өкпе қабынуының эпидемиологиялық ахуалының тұрақтануына байланысты:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚХР-мен мемлекеттік шекараны ашу жөнінде шаралар қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚХР-мен әуе, темір жол және автомобиль қатынастарын қалпына келтірсін.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚХР-ға және басқа да елдерге туристік сапарларын қалпына келтірсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады