Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 11-14 қыркүйекте Алматы және Астана қалаларында Малайзияның Жоғарғы билеушiсi XII Янг Ди-Пертуан Агонгтың Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі 2003 жылғы 11-14 қыркүйекте Алматы және Астана қалаларында Малайзияның Жоғарғы билеушісі XII Янг Ди-Пертуан Агонгтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiнде протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Малайзия ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын;
2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткiзуге қатысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Малайзияның ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Малайзияның Жоғарғы билеушiсi XII Янг Ди-Пертуан Агонгтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Алматы және Астана қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
Алматы және Астана қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
6. Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi Малайзияның ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды, әуежайларды және көшелердi безендiрудi, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша):
Астана қаласының әуежайында Малайзияның Жоғарғы билеушiсi XII Янг Ди-Пертуан Агонгты күтiп алу және шығарып салу ресми салтанатына қатыссын;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан берiлетiн ресми қонақасыда концерттік бағдарламаны қамтамасыз етсiн.
8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 28 тамыздағы
N 193 өкіміне
қосымша
Малайзия ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөніндегі шаралар
1. Малайзия ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10), бірге жүретін адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана", Алматы қаласында "Анкара Риджент" қонақ үйлерінде орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Анкара Риджент" қонақ үйлерінде орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, кувертка карталары, ресми қонақасыға шақырулар) дайындау.
4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Малайзияның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалалары әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Малайзияның Жоғарғы билеушісі ХІІ Янг Ди-Пертуан Агонгтың құрметіне ресми қонақасы ұйымдастыру.
7. Малайзия ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.