Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығын (бұдан әрі - Жарлық) iске асыру мақсатында:
1. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi бiр апта мерзiмде:
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық органдарының штат саны лимиттерiн бекiту туралы қаулының жобасын енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар туралы ережелердi бекіту туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
Жарлықты iске асыру үшiн қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр