Ауыл жылына арналған "Спорт есiрткiге қарсы" ұранымен "Ақ бидай" республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 222-ө өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігiнiң 2003 жылғы 10-14 қазанда Тараз қаласында Ауыл жылына арналған "Спорт есiрткiге қарсы" ұранымен "Ақ бидай" республикалық ауыл спорты ойындарын (бұдан әрi - Ойындар) өткiзу туралы ұсынысы қабыл алынсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Ойындарды дайындау мен өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігі Жамбыл облысының әкiмдігімен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, Ойындарды ұйымдастыру мен өткiзудi, мәдени-спорттық мерекенiң салтанатты ашылуын қамтамасыз етсiн.

      4. Облыстардың әкiмдерi Ойындардың iрiктеу кезеңдерiн өткiзудi ұйымдастырсын, сондай-ақ Ойындарға және финалдық жарыстардың ашылуы мен жабылуы салтанаты рәсiмдерiне қатысу үшiн спорттық делегацияларды дайындауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Ойындарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерiнде қоғамдық тәртіп пен олардың қауiпсiздігін қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ойындарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлiктерi Ойындарға дайындық пен олардың өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Ойындарға қатысушылардың жарыстар өткізiлетін жерлерге және керi жол жүруі үшiн билеттерiн брондауды ұйымдастыруда көмек көрсетсiн.

      9. Ойындарды дайындау мен өткiзу жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыру көрсетiлген iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттiк мекемелерге-бағдарламалардың әкiмшiлерiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде, сондай-ақ демеушiлiк көмектi тарту есебiнен жүзеге асырылсын.

      10. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2003 жылғы 20 қыркүйектегі
N 222 өкiмiмен        
бекiтiлген      

Ойындарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетінің құрамы

Тұрлыханов            - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Дәулет Болатұлы         жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төраға

Yмбетов               - Жамбыл облысының әкiмi, төрағаның
Серiк Әбiкенұлы         орынбасары

Айтжанов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы           шаруашылығы вице-министрi, төрағаның
                        орынбасары

              Ұйымдастыру комитетiнің мүшелерi

Әлiмбекова            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Гүлнәр Смәділқызы       спорт жөнiндегi агенттiгiнiң экономика -
                        қаржы бөлiмiнiң бастығы

Бөкеев                - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Қанатшаұлы        министрлiгi Нашақорлыққа және есiрткi
                        бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетi
                        төрағасының мiндетiн атқарушы

Бектұрғанов           - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Нұралы Сұлтанұлы        ғылым вице-министрi

Демеш                 - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары
Кеңесбек Мыңжасарұлы   

Диқанбаева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы         сақтау вице-министрi

Дүйсенбаев            - Жамбыл облыстық жастар iстерi, спорт
Махамбет Ахметұлы       және туризм жөнiндегi басқармасының
                        бастығы

Қанағатов             - Қазақстан Республикасының Туризм және
Eлсияp Баймұхаметұлы    спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                        орынбасары

Құдайқұлов            - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп
Жәзит Кәрімұлы          кешенi қызметкерлерi кәсiподағының
                        төрағасы (келiсiм бойынша)

Лавриненко            - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович           коммуникациялар бiрiншi вице-министрi

Отто                  - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович           вице-министрi

Рябченко              - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич        бірінші вице-министрiнiң мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады