033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын инвестициялық жобаны iске асыру барысында туындаған Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығын бағалау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 311-ө өкімі

      033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын инвестициялық жобаны iске асыруға байланысты:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының 033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын инвестициялық жобаны iске асыру барысында туындаған Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығын бағалауды жүзеге асыруын қамтамасыз етсiн.

      2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады