Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 16-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.04.26. N 120 өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы N 129-ө өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2004 жылғы 20 қаңтардағы
N 16 өкiмiмен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Д.К.Ахметов

      Yкiметтің қызметiне басшылық жасау.
      Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтің атынан өкілдiк ету.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
      Yкiметтің заң шығару қызметiн үйлестiру.
      Қорғаныс, құқық тәртiбi мәселелерi.
      Мұнай-газ секторын дамыту, мемлекеттiк бюджет мәселелерi.
      Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестің жұмысына басшылық жасау.
      Yкiметтiң кадр мәселелерi.
      Сыртқы iстер министрлiгiнің, Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктің (қаржы полициясы) қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Г.А.Марченко

      Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, қорлану және сақтандыру рыноктарын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
      Мақсатты бағдарламаларды iске асыру мәселелерi: тұрғын үй рыногын дамыту, халықты әлеуметтiк қорғау реформасын аяқтау, Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын дамыту, мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру.
      Yкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелері жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
      Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің, Білiм және ғылым министрлiгiнiң, Мәдениет министрлiгінiң, Ақпарат министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгінiң, Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiктiң, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
С.М.Мыңбаев

      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, инвестициялық саясат, экономиканы жедел басқару, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысы, Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.
      Мемлекеттiк органдардың өндірiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту мәселелерi жөніндегi қызметiн үйлестiру.
      Мемлекеттiк материалдық резервтер, төтенше жағдайлар, геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелері.
      ТМД елдерімен және ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру.
      Мемлекеттiк даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi корпорация және басқалары) қызметiн үйлестiру Индустрия және сауда министрлiгiнің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктің, Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiктің қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есімов

      Өңiрлiк саясат мәселелерi.
      Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптік кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестiру.
      Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, жер және су қатынастары мәселелерi.
      Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi.
      Көшi-қон және демограФия саясаты мәселелерi.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің қызметiне басшылық жасау.
      Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiктің, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктің қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тiлеубердин

      Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Yкiметтің кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
      Үкiметтің өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Yкiметтiң облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Премьер-Министр Кеңсесiнің Президент Әкiмшілiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады