"Тұрақты дамытуды қаржыландыру: "Проблемалар мен болашақтағы бағыттар" Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуiн өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 100-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

      "Тұрақты дамытуды қаржыландыру: "Проблемалар мен болашақтағы бағыттар" Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуiн өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жақсыбеков              - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Әдiлбек Рыскелдiұлы       және сауда министрi, жетекшi

Исекешев                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы           сауда вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары

Бегiмбетов              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Серiк Жаңатайұлы          сауда министрлігі Жиынтық талдау және
                          ақпараттық жүйелердi дамыту департаментi
                          директорының орынбасары, хатшы

Оразбаев                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Барлық Есiркепұлы         минералдық ресурстар вице-министрi

Өтеғұлов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәулен Амангелдiұлы       бюджеттік жоспарлау министрлiгi
                          Мемлекеттік қарыз алуды және кредит
                          берудi жоспарлау департаментiнiң директоры

Әбділдина               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ажар Сәкенқызы            министрлігі Халықаралық қаржы қатынастары
                          департаментiнiң директоры

Иманбаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Болат Бариұлы             министрлiгi Экономикалық және гуманитарлық
                          ынтымақтастық департаментiнiң директоры

Мағзұмов                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Руслан Қапызұлы           коммуникациялар министрлiгiнiң Қаржылық
                          реттеу департаментi директорының
                          орынбасары

Сәйденов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Әнуар Ғаллимоллаұлы       Төрағасы (келiсiм бойынша)

Еденбаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы
Еркеғали Серiкұлы         мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
                          қадағалау жөнiндегі агенттiгi Стратегия
                          және талдау департаментiнiң директоры
                          (келiсiм бойынша)

Шалғымбаев              - "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк
Қамбар Басарғабызұлы      қоғамының президентi (келiсiм бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2004 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде "Тұрақты дамытуды қаржыландыру: "Проблемалар мен болашақтағы бағыттар" Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуiн өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне берсiн.

       Премьeр-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады