Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында міндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 120-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.06.02. N 165 өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнің Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 16-ө  өкімінің күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2004 жылғы 26 сәуірдегі
N 120 өкiмiмен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Д.К.Ахметов

      Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
      Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтің атынан өкiлдiк ету.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
      Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқықтық тәртiп, мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.
      Yкiметтің заң шығару қызметін үйлестiру.
      Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
      Yкiметтiң кадр мәселелерi.
      Сыртқы iстер министрлiгiнің, Қорғаныс министрлiгiнің, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнің, Iшкi iстер министрлігінің, Әдiлет министрлігінiң, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы), Кедендiк бақылау агенттiгiнің қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаев

      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, инвестициялық саясатты iске асыру мәселелерi.
      Мемлекеттік органдардың өндiрiстік саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту, мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Мемлекеттік материалдық резервтер, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысы мәселелерi.
      ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуi мәселелерi.
      Мемлекеттік даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкi, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегi корпорация және басқалары) қызметiн үйлестiру.
      Индустрия және сауда министрлiгiнiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiктiң, Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi агенттіктiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің, Статистика жөніндегі агенттіктің қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есімов

      Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi.
      Мемлекеттiк органдардың халықты әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi қызметін үйлестiру.
      Төтенше жағдайлар, экология, туризм мен спортты дамыту, көші-қон және демография саясаты мәселелерi.
      Әлеуметтік әрiптестік мәселелерi.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгінің қызметiне басшылық жасау.
      Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің, Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктің, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы А.А.Тілеубердин

      Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi сақтау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
      Үкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшілігімен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк органдардың бiлiм берудi, ғылымды, ақпаратты, мәдениет пен денсаулық сақтауды дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Бiлiм және ғылым министрлігінің, Ақпарат министрлiгiнiң, Мәдениет министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады