Норвегия Корольдiгінің Премьер-Министрi Кьелл Магне Бондевиктiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 143-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдiгi арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 25-26 мамырда Астана қаласында Норвегия Корольдiгінiң Премьер-Министрi Кьелл Магне Бондевиктiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі 2004 жылғы 25-26 мамырда Астана қаласында Норвегия Корольдігінiң Премьер-Министрi Кьелл Магне Бондевиктiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Норвегия Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi қажетті шараларды қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және бизнес-форумды өткiзу шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Норвегия Корольдiгінiң делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ екi арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, Норвегия Корольдігі Премьер-Министрінің екi арнайы ұшағының Астана қаласының әуежайына қонып, Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен  ұшып өтуін;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының және Норвегия Корольдiгiнiң мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Астана қаласының әкiмi Норвегия Корольдiгiнiң делегациясын күтіп алу мен шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерінің безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Норвегия Корольдігі Премьер-Министрiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2004 жылғы 14 мамырдағы 
N 143 өкіміне қосымша  

Норвегия Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктік қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Норвегия Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласында 1+1+10 формат бойынша орналастыру ("Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйi), тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Норвегия Корольдігі делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Норвегия Корольдiгi делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың атынан Норвегия Корольдігінiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктiң құрметiне Астана қаласында жұмыс бабындағы түскі асты ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Норвегия Корольдiгiнiң Премьер-Министрi К.М.Бондевиктің құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Норвегия Корольдігінiң iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзу үшiн қажетті iлеспе-аудармашылар жұмысына, залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, құлақшаларды, микрофондарды жалға алуға және кеңсе заттары мен минералды суларға ақы төлеу.
      9. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады