Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 165-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.11.24. N 344 өкімімен.

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 120-ө  өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2004 жылғы 2 маусымдағы 
N 165 өкiмiмен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында Міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi 
Д.К.Ахметов

      Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
      Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкілдiк ету.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
      Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқықтық тәртiп, мұнай-газ секторын дамыту мәселелерi.
      Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
      Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестің жұмысына басшылық жасау.
      Yкiметтiң кадр мәселелерi.
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әділет министрлiгiнiң, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы), Кедендiк бақылау агенттiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Б.С.Әйтiмова

      Әлеуметтiк даму, ұлтаралық қатынастар, Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Бiлiм берудiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi.
      Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау.
      Мемлекеттiк органдардың халықты әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм берудi, ғылымды, ақпаратты, мәдениет пен денсаулық сақтауды дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгінiң, Ақпарат министрлiгiнiң, Мәдениет министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары
А.С.Есiмов

      Экономиканы жедел басқару, өңiрлiк саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi.
      Мемлекеттiк органдардың ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсiптiк кешендi, жер және су қатынастарын дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, көшi-қон және демография саясаты мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Төтенше жағдайлар, экология, туризм мен спортты дамыту мәселелерi.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң, Статистика жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
С.M.Мыңбаев

      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, инвестициялық саясатты iске асыру мәселелерi.
      Мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту, мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Мемлекеттiк материалдық резервтер, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысы мәселелерi.
      ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.
      Мемлекеттiк даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкi, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi корпорация және басқалары) қызметiн үйлестiру.
      Индустрия және сауда министрлiгiнiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiктiң, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiктiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тілеубердин

      Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлiгінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi сақтау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Үкіметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
      Yкiметтiң өңiрлiк саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады