Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалану саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрінің конверсиясы бағдарламасының жобасын әзірлеу мақсатында:
1. Жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
Дарбеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Болат Керімжанұлы бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары
комитетінің төрағасы, жетекші
Солодилов - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Сергей Павлович Жаңа технологиялар бас басқармасының
бастығы, жетекшінің орынбасары
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Константин Бақтиярұлы министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің
Арнайы әскерлер департаменті барлау және
радиоэлектрондық күрес басқармасының
бастығы, хатшы
Қасымханов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ержан Тоқтарұлы министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті
Байланыс департаментінің бастығы
Корецкий - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Владимир Анатольевич Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы
басқармасының Бас штабы байланыс,
радиотехникалық қамтамасыз ету және
автоматтандырылған жүйелер әскерлері
басқармасының бастығы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Автоматтандыру
Асқар Қуанышұлы және байланыс жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Ризат Рахатбекұлы байланыс жөніндегі агенттігінің
Мемлекеттік лицензиялау департаменті
директорының орынбасары
Нұрбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Болат Кәрімұлы министрлігінің Ақпараттық-техникалық
қызмет департаменті бастығының орынбасары
Журавлев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Сергей Геннадьевич комитетінің Арнайы ақпараттық қызмет
басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Бойко - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Виктор Станиславович жөніндегі агенттігінің 68303 әскери бөлімі
басқармасы командалық пункттерінің бастығы
Шәріпов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Талғат Қайыркенұлы бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салалық
органдардың шығыстарын жоспарлау
департаменті өнеркәсіп, құрылыс және көлік
басқармасының бастығы
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қалымжан Уәлиханұлы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті мемлекеттік қатысуы бар
мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс
жөніндегі басқармасының бастығы.
2. Жұмыс тобы 2004 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрі конверсиясы бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Премьер-Министр