2004 жылғы 10-16 қазанда Түркiстан қаласында Әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезi хатшылығы екiншi мәжiлiсiнiң өткiзiлуiне байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезi хатшылығының екiншi мәжілісiне қатысатын делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және оларды тамақтандыруға, сондай-ақ Алматы - Шымкент - Алматы бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 9367020 (тоғыз миллион үш жүз алпыс жетi мың жиырма) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр