Қазақстан Республикасының 1-шi Жастар спорт ойындарын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 340-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.6.3-тармағына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң 2005 жылғы сәуiр-мамырда Қазақстан Республикасының 1-шi Жастар спорт ойындарын (бұдан әрi - Жастар ойындары) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса беріліп отырған Жастар ойындарын дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп, 2005 жылғы 23 сәуiрде Шымкент қаласында Жастар ойындарының салтанатты ашылу рәсiмiн өткiзудi;
      2) Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, 2005 жылғы сәуiр-мамырда Шымкент және Тараз қалаларында Жастар ойындарының ақтық жарыстарын өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жарыстардың бiрiншi және екіншi кезеңдерiн өткiзудi, облыстар, Астана және Алматы қалалары құрама командаларының Жастар ойындарының салтанатты ашылу рәсiмiне және ақтық жарыстарына дайындалуы мен қатысуын қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Жастар ойындарының ашылу рәсiмi, жарыстар өтетiн және қатысушылар тұратын орындарда қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жастар ойындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мектеп жасындағы спортшылардың Жастар ойындарына қатысуына жәрдем көрсетсiн.

      8. Жастар ойындарын дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 2005 жылға арналған республикалық бюджетте осы iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi бағдарламалардың әкiмшілерi - мемлекеттiк мекемелерге көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.

      9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2004 жылғы 16 қарашадағы
N 340 өкiмiмен     
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасының 1-ші Жастар спорт ойындарын
дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы

Тұрлыханов              - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Дәулет Болатұлы           ақпарат және спорт министрлiгi Спорт
                          iстерi комитетінiң төрағасы, төраға

Жылқышиев               - Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi,
Болат Әбжапарұлы          орынбасар

Жексенбин               - Жамбыл облысының әкiмi, орынбасар
Бөрiбай Биқожаұлы    

Отто                    - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович             iстер бiрiншi вице-министрi

Берсiмбаев              - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Рахметқажы Ескендiрұлы    және ғылым вице-министрi

Досжан                  - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы         Мәдениет, ақпарат және спорт вице-
                          министрі

Диқанбаева              - Қазақстан Республикасының
Сәуле Әлкейқызы           Денсаулық сақтау вице-министрi

Тәжiбай                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бақытбек                  ақпарат және спорт министрлігінің
                          Спорт iстерi комитетi төрағасының
                          бiрiншi орынбасары

Қанағатов               - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Елсияр Баймұхамедұлы      ақпарат және спорт министрлігінiң
                          Спорт iстерi комитеті төрағасының
                          орынбасары

Гуськов                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Юрий Петрович             ақпарат және спорт министрлiгi Спорт
                          iстерi комитетiнiң жоғары жетістіктер
                          спорты және спорттық резерв
                          басқармасының бастығы

Төкеев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Серiк Адамұлы             ақпарат және спорт министрлігі
                          Спорт iстерi комитетінің штаттық
                          ұлттық командалар және спорттық
                          резерв дирекциясының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады