"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 64-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi және өзге де орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне қабылданған шаралар туралы хабарласын.

      Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                          2005 жылғы 25 наурыздағы
                                              N 64-ө өкімімен
                                                 бекiтiлген

     "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
    2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында
     қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
                         тiзбесi

Р/с
N

Нормативтік құқықтық
кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындалу
мерзімі

Орын-
далуына
жауапты
мемле-
кеттік
орган

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне өзгерiс-
тер мен толықтырулар
енгiзу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005 жылғы
маусым

ИСМ

2.

Саудадағы техникалық
кедергiлер, санитар-
лық және фитосани-
тарлық шаралар жөнiн-
дегi ақпараттық орта-
лықты құру және оның
жұмыс iстеуi ережесiн
бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
мамыр

ИСМ

3.

Сәйкестiктi растау
жөнiндегi органдарды,
сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005 жылғы
маусым

ИСМ

4.

Мемлекеттiк стандарт-
тарды және техника-
лық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерiн
әзiрлеу, келiсу,
есепке алу, бекiту,
сараптау, өзгерту,
жою және қолданысқа
енгiзу ережесiн
бекiту туралы

Уәкiлеттi органның бұйрығы

2005
жылғы
сәуiр

ИСМ

5.

Стандарттау, сәйкес-
тiктi растау және
аккредиттеу жөнiндегі
сарапшы-аудиторларды дайындау және
аттестаттау ережесiн
бекiту туралы

Уәкiлетті органның
бұйрығы

2005 жылғы
сәуiр

ИСМ

6.

Халықаралық, өңiрлiк,
ұлттық стандарттарды,
техникалық-экономи-
калық ақпарат жiктеу-
iштерiн есепке алу
және қолдану ережесiн, Қазақстан
Республикасының
аумағында шет мемле-
кеттердiң стандарт-
тау, сәйкестiкті
растау және аккредит-
теу жөнiндегi ереже-
лерi мен ұсынымдарын
бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
мамыр

ИСМ

7.

Мемлекеттiк стандарт-
тау жоспарлары мен
бағдарламаларын
әзiрлеу ережесiн
бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
мамыр

ИСМ

8.

Мемлекеттiк органдар-
дың, стандарттау
жөнiндегi техникалық
комитеттердiң және
сәйкестiктi растау
жөнiндегi органдар-
дың қатысуымен жұмыс-
тар жүргізу ережесiн
бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
мамыр

ИСМ

9.

Саудадағы техникалық кедергiлер, санитар-
лық және фитосанитар-
лық шаралар жөнiндегi
ақпараттық орталық
хабарламаларының
нысанын, оларды тол-
тыру және ұсыну ере-
жесiн бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
маусым

ИСМ

10.

Стандарттау жөніндегі
техникалық комитет-
тердiң құрылу, жұмыс
iстеу және таратылу
ережесiн бекiту
туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
сәуiр

ИСМ

11.

Стандарттарды және стандарттау, метроло-
гия, сертификаттау,
аккредиттеу жөнiнде-
гi нормативтік құжаттарды, стан-
дарттар каталогтары
мен сiлтемелерiн
шығару және пайдала-
нушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз
ету ережесiн бекiту
туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
сәуiр

ИСМ

12.

Берiлген сәйкестiк
сертификаттарының
қолданысын немесе
сәйкестiк туралы
декларацияны тiркеу-
дiң қолданысын тоқта-
та тұру немесе олар-
дың күшін жою ереже-
сiн бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
мамыр

ИСМ

13.

Сәйкестiктi растау
жөнiндегi аккредит-
телген органның
инспекциялық тексеру
жүргiзу ережесiн
бекiту туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
сәуiр

ИСМ

14.

Шетелдiк сәйкестiк
сертификаттарын,
сынақ хаттамаларын,
сәйкестiк белгiлерiн
және сәйкестiктi
растау саласындағы
өзге де құжаттарын
тану ережесiн бекiту
туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
мамыр

ИСМ

15.

Аккредиттеу аттеста-
тының нысанын бекiту
туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005
жылғы
сәуiр

ИСМ

16.

Мемлекеттiк орган
жанынан техникалық
реттеу саласындағы
сараптама кеңесiн
құру туралы

Уәкiлетті органның бұйрығы

2005 жылғы
сәуiр

Мемле-
кеттік
орган-
дар
техни-
калық
реттеу
сала-
сындағы
өз құ-
зыреті
шегiнде

      Ескертпе:
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады