Иран Ислам Республикасының делегациясы басшысының тұруына ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 87-ө Өкімі

      Иран Ислам Республикасы делегациясының екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерiн талқылауға арналған сапарына байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Иран Ислам Республикасының делегациясы басшысының 2005 жылғы 13 - 14 сәуiрде Астана қаласында, 2005 жылғы 14 - 15 сәуiрде Алматы қаласында тұруына ақы төлеуге 411344 (төрт жүз он бір мың үш жүз қырық төрт) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады