Физикадан VII Азиаттық олимпиаданы өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 31 тамыздағы N 239-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң 2006 жылғы 23-30 сәуiрде Алматы қаласында физикадан VII Азиаттық олимпиада (бұдан әрi - VII Азиаттық олимпиада) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берілiп отырған VII Азиаттық олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетінің құрамы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi Алматы қаласының әкiмдігімен бiрлесіп, VII Азиаттық олимпиаданы дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. VII Азиаттық олимпиаданы дайындауға және өткiзуге байланысты iс-шараларды қаржыландыру 010 "Республикалық маңызы бар республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарын, мектептен тыс iс-шаралар өткiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi - мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаты есебiне және шегіне жатқызылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің шақыруы бойынша VII Азиаттық олимпиадаға қатысушы шетелдiк азаматтарға визалық қолдауды ресiмдеуге және визалар беруге жәрдем көрсетсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптi сақтауды, VII Азиаттық олимпиадаға қатысушылардың және оның ресми адамдарының болатын және олимпиада өтетiн орындарда қауіпсiздiгiн қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі VII Азиаттық олимпиадаға қатысушыларды әуежайлар мен темiр жол вокзалдарында қарсы алу және шығарып салу үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсін.

      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi VII Азиаттық олимпиадаға қатысушылар мен оның ресми адамдарының денсаулық жағдайын сақтау үшiн медициналық көмектi қамтамасыз етсiн.

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі VII Азиаттық олимпиаданы дайындау және өткiзу барысын, сондай-ақ оның ашылуы мен жабылуы жөнiндегі салтанатты iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн.

      10. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2006 жылғы 1 маусымға дейiнгі мерзiмде VII Азиаттық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу қорытындылары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2005 жылғы 31 тамыздағы
                                                 N 239-ө өкімімен
                                                    бекiтiлген

  Физикадан VII Азиаттық олимпиаданы дайындау және
өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

1. Әйтiмова                  - Қазақстан Республикасының
   Бiрғаным Сарықызы           Бiлiм және ғылым министрi, төрайым

2. Тасмағамбетов             - Алматы қаласының әкiмi,
   Иманғали Нұрғалиұы          төрайымның орынбасары

3. Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының
   Қасымжомарт Кемелұлы        Сыртқы iстер министрi

4. Дунаев                    - Қазақстан Республикасының
   Арман Ғалиасқарұлы          Қаржы министрi

5. Келiмбетов                - Қазақстан Республикасының
   Қайрат Нематұлы             Экономика және бюджеттік
                               жоспарлау министрi

6. Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасының
   Зауытбек Қауысбекұлы        Iшкi iстер министрi

7. Мамин                     - Қазақстан Республикасының
   Асқар Ұзақбайұлы            Көлiк және коммуникация
                               министрі

8. Досаев                    - Қазақстан Республикасының
   Ерболат Асқарбекұлы         Денсаулық сақтау министрi

9. Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасының
   Eceтжaн Мұратұлы            Мәдениет, ақпарат және спорт
                               министрі

10. Айсина                   - Қазақстан Республикасының
    Майра Арапқызы             Бiлiм және ғылым вице-министрi

11. Қожамқұлов               - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
    Төлеген Әбдісағиұлы        университетінің ректоры

12. Битуова                  - "Дарын" республикалық ғылыми-
    Тілдаш Рысқұлбекқызы        практикалық орталығының
                                директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады