2005 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазанда Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің аға лауазымды тұлғаларының мәжiлiсiн және Министрлерi кеңесiнiң 15-отырысын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 274-ө Өкімі

      2005 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазанда Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрi - ЭЫҰ) мүше елдердiң аға лауазымды тұлғаларының мәжілiсiн және Министрлерi кеңесiнiң 15-отырысын тиімдi дайындауды және өткізудi қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса бepiліп отырған 2005 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазанда Астана қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердiң аға лауазымды тұлғаларының мәжiлiсін және Министрлерi кеңесiнiң 15-отырысын дайындау және өткізу жөніндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі ЭЫҰ-ға мүше елдердiң ресми делегациялары мүшелерінің және ЭЫҰ Хатшылығы қызметкерлерiнің қонақ үйде тұруына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 10167405,3 теңге (oн миллион бір жүз алпыс жеті мың төрт жүз бес теңге отыз тиын) сомасында қаражат бөлсiн.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                         2005 жылғы 28 қыркүйектегі
                                              N 274-ө өкімімен
                                                  бекітілген

               2005 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазанда Астана
            қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердің аға лауазымды
         тұлғаларының мәжiлiсiн және Министрлерi кеңесiнiң
             15-отырысын дайындау және өткізу жөнiндегі
                          іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Іс-шаралар үшін жауаптылар

1.

Астана және Алматы қалалары әуежайларының VIP залы арқылы ресми делегацияларды, бiрге жүретiн адамдарды, ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерін және халықаралық ұйымдардың шақырылған өкiлдерiн қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастыру

2005 жылғы
27 қыркүйек
- 2 қазан

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келісім бойынша), Сыртқы істер министрлігі, Астана қаласының әкiмдiгi, Алматы қаласының әкiмдігi

2.

Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсат беру

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Қорғаныс министрлiгі, Көлiк және коммуникация министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша)

3.

Арнайы ұшақтардың тұрағын, оларға қызмет көрсетудi және жанармай құюды қамтамасыз ету

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Көлiк және коммуникация министрлігі

4.

Астана қаласының әуежайын, делегациялар орналасатын және отырыстар өткiзiлетін орындарды мүше елдердiң мемлекеттiк туларымен және ЭЫҰ туымен, ағылшын, қазақ және орыс тiлдерiндегі құттықтау транспаранттарымен безендiру

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Астана қаласының әкiмдігі

5.

Құқық қорғау органдарының өкiлдерiн қатыстыра отырып, штаб құру (күзет, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, бiрге жүру)

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Iшкi iстер министрлiгi

6.

Делегация күзетiне арналған арнайы рұқсаттамаларды жасау (автокөлiк, бэйдждер)

2005 жылғы
28 қыркүйек

Сыртқы iстер министрлігі

7.

Делегациялар орналасатын орында күзетті қамтамасыз ету қызметi үшiн штабтық үй-жайларды жабдықтау

2005 жылғы
30 қыркүйек
- 2 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

8.

Делегацияларға, ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерiне және халықаралық ұйымдардың шақырылған басшыларына көліктік қызмет көрсету

2005 жылғы
27 қыркүйек
- 2 қазан

Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы (келiсiм бойынша), Астана қаласының әкiмдiгі, Сыртқы iстер министрлігі

9.

Делегацияларды және ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерiн "Риксос Президент отель Астана" қонақ үйiне орналастыруды ұйымдастыру

2005 жылғы
27 қыркүйек
- 1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

10.

Ресми делегация мүшелерiн және ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлерiн тамақтандыруды ұйымдастыру

2005 жылғы
27 қыркүйек
- 2 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

11.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің ғимаратында ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлеріне арналған екi штабтық бөлмені, баспасөз орталығына және делегациялар өкілдерiне арналған бөлмені қамтамасыз ету (ұйымдастыру техникасымен, ксерокспен, телефон және факсимильді халықаралық байланыспен, Интернетпен, кеңсе тауарларымен, қағазбен жарақтандыру)

2005 жылғы
27 қыркүйек

Сыртқы iстер министрлігі

12.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің ғимаратында отырыстар өткізу үшін ретімен отырғызу және залды техникалық безендiру (мемлекеттік тулар және ЭЫҰ туы, үстел үстiне қойылатын табличкалар, мүше елдердiң және ЭЫҰ жалаушалары, гүлдер, микрофондар, наушниктер, iлеспе аудармашыларға арналған кабиналар)

2005 жылғы
27 қыркүйек

Сыртқы iстер министрлігі

13.

Iлеспе аударманы қамтамасыз ету

2005 жылғы
29 қыркүйек
- 1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

14.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (анонс, аккредиттеу, баспасөз орталығын ұйымдастыру және жабдықтау)

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

15.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің Министрлерi кеңесінің 15-отырысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізу

2005 жылғы
1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

16.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің Министрлерi кеңесiнің 15-отырысына келген делегация басшыларын бiрге суретке түсiру

2005 жылғы
1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

17.

Екi жақты кездесулер өткiзілетiн орындарды анықтау және дайындау (үстел үстiне қойылатын табличкалар, жалаушалар, кеңсе тауарлары)

2005 жылғы
28 қыркүйек
- 2 қазан

Сыртқы iстер министрлігі

18.

ЭЫҰ-ға мүше елдердiң делегациялары, ЭЫҰ Хатшылығының қызметкерлері және халықаралық ұйымдардың шақырылған өкiлдерi үшін мәдени бағдарлама дайындау және өткізу ("Бәйтерек" кешеніне, "Думан" сауық орталығына, Президенттiк мәдениет орталығына және т.б. бару)

2005 жылғы
30 қыркүйек
- 1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі, Астана қаласының әкімдігі

19.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі атынан ЭЫҰ-ға мүше елдердің Министрлерi кеңесінің 15-отырысына қатысушылардың құрметiне ресми қабылдауды ұйымдастыру (қабылдауды өткізу орнын анықтау және безендіру, күзет ic-шаралары, ac мәзірін, концерттік бағдарлама дайындау)

2005 жылғы
1 қазан

Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсіздiк комитетi (келiсiм бойынша), Республикалық ұлан (келісім бойынша), Iшкi істер министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады