"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 286-ө Өкімі

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңын  (бұдан әрi - Заң) іске асыру мақсатында:

      1. Қоса берiліп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп тізбеге, сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң бекiтуіне енгізсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2005 жылғы 11 қазандағы 
N 286-ө өкіміне     
бекiтілген       

       "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"
   Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
 қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

Р/с
N
 

Нормативтік-
құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

1

2

3

4

5

1

Қарулы Күштерде,
басқа да әскер-
лер мен әскери құралымдарда әскери қызметті өткеру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Президенті-
нің Жарлығы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині
(жинақтау),
ІІМ, ТЖМ, ҰҚК
(келісім бойынша), РҰ 
(келісім бойынша),
ПКҚ (келісім бойынша)

2

Қарулы Күштерде,
басқа да әскерлер мен әскери құралым-
дарда әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Президенті-
нің Жарлығы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині (жинақтау),
ІІМ, ТЖМ, ҰҚК
(келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша),
ПКҚ (келісім бойынша)

3

Қарулы Күштердің, басқа
да әскерлер мен әскери құралым-
дардың әскери киім нысанын және айырым
белгілерін бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы
Президенті-
нің Жарлығы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині (жинақтау),
ІІМ, ТЖМ, ҰҚК
(келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша),
ПКҚ (келісім бойынша)

4

Қарулы Күштерді,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды әскери киім нысанымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині (жинақтау),
ІІМ, ТЖМ, ҰҚК
(келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша),
ПКҚ (келісім бойынша)

5


Азаматтарды әскери қызметке даярлау ережесін
бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині (жинақтау),
БҒМ

6

Әскери міндет-
тілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

7

Қарулы Күштерде,
басқа да әскерлер мен әскери құралым-
дарда әскери-
дәрігерлік
сараптама өткізу
ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
 

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині (жинақтау),
ДСМ, ІІМ, ТЖМ,
Еңбекмині, ҰҚК
(келісім бойынша),
РҰ (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша)

8

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу
ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

9

Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын мамандықтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

10

Әскери міндеттілер әскери жиындар-
дан босатылатын мамандықтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

11

Азаматтарды жалпыға бірдей
әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

12

Қазақстан Республикасының
кейбір норматив-
тік құқықтық кесімдеріне әскери міндет-
тілік және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

2005 жылғы қараша

Қорғанысмині

      Ескерту: ІІМ - Iшкi iстер министрлігі, ДСМ - Денсаулық сақтау
министрлiгі, Қорғанысминi - Қорғаныс министрлігі, БҒМ - Білім және
ғылым министрлігі, Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі, ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі, ҰҚҚ - Ұлттық
қауіпсіздік комитеті, РҰ - Республикалық ұлан, ПКҚ - Президенттің Күзет қызметі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады