Иордания королi Абдалла ІІ бен Хусейннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 313-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттiк Корольдігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 8-10 қараша кезеңiнде Астана және Алматы қалаларында Иордания королi Абдалла II бен Хусейннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2005 жылғы 8-10 қараша кезеңiнде Астана және Алматы қалаларында Иордания королi Абдалла II бен Хусейннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Иордан Хашимиттiк Корольдігінiң ресми делегациясы (бұдан әрi - делегация) мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) делегация мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Иордания королi Абдалла ІІ бен Хусейннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi делегацияны қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелердi безендiрудi, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Алматы қаласының әкiмi Иордания королi Абдалла II бен Хусейннiң құрметiне қабылдау ұйымдастырсын.

      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Иордания королi Абдалла II бен Хусейндi қарсы алу және шығарып салу ресми салтанатына қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      9. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2005 жылғы 7 қарашадағы 
N 313-ө өкiмiне    
қосымша        

Иордания ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру,
тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету
жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Делегация мүшелерiн (1+10 форматы бойынша) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласының "Rixos Рrеsident" және Алматы қаласының "Риджент Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Rixos President" және "Риджент Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауларға шақырулар) дайындау.
      4. Делегация басшысы мен мүшелері үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Делегацияны қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Иордания королi Абдалла II бен Хусейннiң құрметiне ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады