"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 331-ө Өкімі

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы  Заңын  (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi екi ай мерзiмде "Жұмыс берушілердiң жұмысқа орналастыру елiнiң банктерiне немесе сақтандыру ұйымдарына кепілдiк берiлген және кепiлдi жарналарды енгiзу және олардың мөлшерi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      2. Жергілікті атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру жөнiндегi тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне қабылданған шаралар туралы ақпарат берсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады