"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 27-Ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Орталық атқарушы органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.

       Премьер-Министр

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрiнiң
                                         2006 жылғы 16 ақпандағы
                                        N 27-Ө өкiмiмен бекiтiлген

    "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
       салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
   толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
       Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
        нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң атауы

Кесiмнiң
нысаны

Жауапты
мемлекет-
тiк
органдар

Орындау
мерзiмi

1

Арнайы экономикалық
аймақтар аумағында
сатылатын, оларды құру
мақсатына сай келетiн
қызмет түрлерiн арнайы
экономикалық аймақтар
аумағында жүзеге асыру
процесiнде тұтынылатын
тауарлардың тiзбесiн
бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

ИСМ
(жинақтау),
Қаржыминi,
ЭБЖМ

2006
жылғы
ақпан

2

Акцизделетiн
тауарлардың жекелеген
түрлерiнiң тiзбесiн
және жиынтық төлем
ставкаларын бекiту
туралы 

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

Қаржыминi

2006
жылғы
ақпан

3

"Оңтүстiк" арнайы
экономикалық аймағын
құру мақсатына сай
келетiн қызмет түрлерi
бойынша өзi өндiретiн
тауарлардың
(жұмыстардың,
қызметтердiң) тiзбесiн
бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
қаулысы

ИСМ (жинақтау),
Қаржыминi,
ЭБЖМ
 

2006
жылғы
ақпан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады