2006 жылғы 5 мамырда Астана қаласында "Қазақстан жаhандық экономикада: проблемалар, мүмкiндiктер және алға жылжу жолдары" атты халықаралық конференцияны тиiмдi дайындауды қамтамасыз ету және өткiзу мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған 2006 жылғы 5 мамырда Астана қаласында "Қазақстан жаhандық экономикада: проблемалар, мүмкiндiктер және алға жылжу жолдары" атты халықаралық конференцияны дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары мен мүдделi ұйымдары Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiндегi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, Жоспардың тиiстi тармақтарында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 3 мамырдағы
N 115-ө өкімімен
бекітілген
2006 жылғы 5 мамырда Астана қаласында»"Қазақстан
жаһандық экономикада: проблемалар, мүмкіндіктер және алға
жылжу жолдары" атты халықаралық конференцияны дайындау және
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Орындалу
|
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
"Қазақстан жаһандық экономикада: проблемалар, мүмкіндіктер және алға жылжу жолдары" атты халықаралық конференцияға (бұдан әрі - конференция) қатысушылардың құрамын қалыптастыру |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
2 |
Конференцияға қатысушыларды шақыру |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
3 |
Конференцияны өткізу үшін "Okan Intercontinental" қонақ үйінде залды брондау және оған ақы төлеу |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
4 |
Астана қаласының қонақ үйлерінде конференцияға шетелдік қатысушыларды орналастыру орындарын брондау және оған ақы төлеу |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
5 |
Конференцияға қатысу үшін шетелдік консультанттарды тарту |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
6 |
Конференцияның баспасөз релизін дайындау, баспасөзді шақыру |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7 |
Конференцияның негізгі баяндамашылары тезистерінің жобаларын дайындау |
3
|
Негізгі баяндамашылар, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
8 |
Конференцияға бейне- және тарату материалдарын дайындау |
3
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы, "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
9 |
Конференцияға шетелдік қатысушыларды әуежайда қарсы алу және Астана қаласының қонақ үйлеріне орналастыру |
4 мамыр |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
10 |
Бағдарламаға сәйкес конференцияны өткізу |
5 мамыр |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
11 |
Конференция үзілістерінде кофе-брейктер, түскі ас және ол аяқталғаннан
|
5 мамыр |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |
12 |
Астана қаласы бойынша экскурсияны, конференцияға шетелдік қатысушыларды шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу |
6 мамыр |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы |