"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 701 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 126-ө Өкімі

      "Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 701  қаулысына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын (бұдан әрi - жоба) әзiрлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
 
Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Серiк Баужанұлы           Кеңсесi Мемлекеттiк құпияларды қорғау
                          бөлiмiнiң меңгерушiсi, жетекшi

Айткешұлы               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Бейбiтқали                кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау
                          бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, хатшы

Себряев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Владимир Ильич            комитетiнiң қызметкерi

Сыздықов                - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бақыт Нығметұлы           Мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмiнiң
                          аға прокуроры

Сапаров                 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ерлан Асқарбекұлы         аппараты құқықтық және ақпараттық
                          қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсi

Қуанышбаев              - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Ермек Мекебайұлы          Заңға тәуелдi кесiмдер департаментiнiң
                          заңға тәуелдi кесiмдердi сараптау
                          басқармасы бастығының орынбасары

Парусимова              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Любовь Ивановна           Есептiлiк және статистика департаментiнiң
                          директоры

Хаирова                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Сәуле Зұлқарнайқызы       бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                          мемлекеттiк құпияларды қорғау секторының
                          бас маманы

      2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 24 маусымға дейiнгi мерзiмде жобаны әзiрлесiн.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi 2006 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiссiн.

      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы А.А.Тiлеубердинге жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады