2006 жылғы 31 мамыр - 3 маусымда Астана және Алматы қалаларында өтетiн Армения Республикасының Сыртқы iстер министрi Вардан Осканянның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен ақшалай қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi делегация мүшелерiнің әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi делегацияны әуежайлардың жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залдарында қарсы алу және шығарып салу, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
5. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 147-ө өкiмiне
қосымша
Армения Республикасының Сыртқы iстер министрi В.Осканян бастаған делегацияның мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Армения Республикасы делегациясының мүшелерiн Астана және Алматы қалаларындағы "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiне 1+5 форматы бойынша орналастыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерiн Астана және Алматы қалаларында "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арналған рұқсатнамалар, куверткалар, ресми қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Армения Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Армения Республикасының делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан Армения Республикасы делегациясының мүшелерi үшiн Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.