Астана қаласында индустриялық аймақ құру және дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 168-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына  Жолдауын  iске асыру мақсатында:
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласында индустриялық аймақ құру және 2 дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Астана қаласының әкiмi және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы Жоспардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.

      3. Астана қаласының әкiмi тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                          2006 жылғы 20 маусымдағы
                                               N 168-ө өкiмiмен
                                                бекiтiлген

       Астана қаласында индустриялық аймақ құру және дамыту
                жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1. Индустриялық аймақ құру мен дамытудың ұйымдық мәселелері

1.

Индустриялық аймақтың
аумағында АЭА құру мәселесін пысықтау, оның ішінде оған индустриялық аймақ аумағын қоса отырып,
"Астана-жаңа қала" АЭА-ны
кеңейту нұсқасын қарастыру

Қазақстан Республика
-сының
Үкіметіне ұсыныстар

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ, ЭБЖМ

2006 жылғы
қыркүйек

2.

Индустриялық аймақтың дирекциясын құру

Астана қаласы әкімінің шешімі

Астана қаласының әкімі

2006 жылғы
шілде

3.

Индустриялық аймақтың
аумағында жер учаскелерiн
беру, объектiлердi инженерлiк желiлер мен
коммуникацияларға қосу,
инвесторлар үшiн жобалау
және құрылыс жұмыстарына
арналған рұқсат ету құжаттарын алу және т.б.
жөнiндегi рәсiмдердi оңайлату ("жалғыз терезе" қағидатын енгiзу)
мәселелерiн пысықтау

Қазақстан Республика
-сының
Үкіметіне есеп

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ

2006 жылғы
тамыз

4.

Индустриялық аймақтың
аумағында жер салығының
базалық ставкасын азайту
мәселесiн пысықтау

Мәслихат шешімі

Астана қаласының
әкімдігі

2006 жылғы
желтоқсан

5.

ИСМ, Астана қаласының
әкiмдiгi және "Higher
Corporation for Specialized Economic
Zones" компаниясының
(Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi)
арасында индустриялық
аймақ құру жөнiндегi
ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумды бiрлесiп әзiрлеу және оған қол қою

Ынтымақ-
тастық
туралы
меморандум

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ

2006 жылғы
желтоқсан

6.

Шетелде индустриялық
аймақтардың (парктердiң)
ұйымдастырылуы мен жұмыс
iстеуi туралы ақпарат жинау

ИСМ-ге және Астана
қаласының
әкімдігіне
ақпарат

СІМ
(жинақтау),
"Қазына" АҚ

2006 жылғы
қыркүйек

7.

Кейiннен республикалық
бюджет комиссиясының қарауына енгiзе отырып,
2007 жылы индустриялық аймақ құрылысының 1-кезеңiн
қаржыландыруға арналған
бюджеттiк өтiнiмдi дайындау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ИСМ
(жинақтау),
Астана қаласының әкімдігі

2006 жылғы
маусым-
шілде

8.

Мыналардың есебiнен индустриялық аймақтың кейiнгi кезеңдерiнiң
құрылысын бюджеттен тыс
қаржыландыру мәселелерiн
пысықтау:
1) инфрақұрылымдық облигациялар мен басқа да
қаржы құралдары;
2) концессиялар құру;
3) инвестор тарту;
4) жер учаскелерiн инвесторларға жалға
беруден немесе сатудан
түскен қаражатты қайта
инвестициялау, сондай-ақ
индустриялық аймақтың инженерлiк желiлерiне қосудан түскен қаражат
нұсқасы ретiнде

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ, ЭБЖМ,
"Қазына" АҚ

2006 жылғы
желтоқсан  

9.

Астана қаласында және оған
жақын орналасқан өңiрлерде
құрылыс материалдары
нарығының көлемi мен
әлеуетi бойынша
маркетингтiк зерттеу
жүргiзу оның iшiнде:
нарық сыйымдылығы;
соңғы 5-10 жыл iшiндегi
өсу қарқыны;
5-10 жылға арналған болжам;
индустриялық аймақтың
дамуы мен жұмыс iстеуi үшiн
күштi және әлсiз жақтарын,
мүмкiндiктер мен қатерлердi
талдау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ИСМ
(жинақтау),
Астана қаласының әкімдігі

2007 жылғы
2-тоқсан 

10.

Инфрақұрылым объектiлерiнiң
құрылысына жеке инвестициялар тарту мүмкiн
болмаған жағдайда кейiннен
республикалық бюджет
комиссиясының қарауына
енгiзе отырып, индустриялық аймақты
кезең-кезеңмен салуға арналған бюджеттiк өтiнiмдi дайындау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ИСМ
(жинақтау),
Астана қаласының әкімдігі

2007 жылғы
қаңтар-
ақпан

2. Индустриялық аймақ инфрақұрылымының құрылысы

11.

Жергiлiктi бюджет қаражаты
есебінен индустриялық аймақ инфрақұрылымы
құрылысының TЭH-iн әзiрлеу

Мемсарап-
тама қоры-
тындысымен
бірге жобаның
ТЭН-і

Астана
қаласының  
әкімдігі

2006 жылғы
маусым  

12.

2006 жылға арналып көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен индустриялық аймақтың (1-кезең) инфрақұрылымы құрылысының ЖСҚ-сын әзірлеу

Мемсарап-
тама қоры-
тындысымен
бірге жұмыс жобасы

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ

2006 жылғы
тамыз  

13.

2006 жылға арналып көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен индустриялық аймақтың бүкіл аумағының инфрақұрылымы құрылысының ЖСҚ-сын әзірлеу

Мемсарап-
тама қоры-
тындысымен
бірге жұмыс жобасы

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ

2006 жылғы
желтоқсан
  

14.

2006 жылға арналып көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен индустриялық аймақтың инженерлік желілері мен коммуникацияларының құрылысын бастау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
және ИСМ-ге есеп

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ 

2006 жылғы
2-жарты-
жылдық  

3. Индустриялық аймақтың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

15.

Индустриялық аймақтың қызметін ақпараттық-тұсаукесерлік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

ИСМ және Астана қаласы әкімдігі-
нің бірлескен
бұйрығы

Астана қаласының
әкімдігі
(жинақтау),
ИСМ, "Қазына" АҚ

2006 жылғы
шілде  

16.

Индустриялық аймақтың инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерiн Ресейде,
Германияда, Италияда
ұйымдастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ИСМ
(жинақтау), СІМ, Астана
қаласының
әкімдігі, "Қазына" АҚ

2006 жылғы
шілде-
желтоқсан  

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СIМ         - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
ИСМ         - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ЭБЖМ        - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
"Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
ЖСҚ         - жобалау-сметалық құжаттама
АЭА         - арнайы экономикалық аймақ
TЭH         - техникалық-экономикалық негiздеме
Индустриялық
аймақ       - "Астана қаласындағы құрылыс материалдары" индустриялық аймағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады