"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 213-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрiнiң
                                            2006 жылғы 26 шiлдедегi
                                                N 213-ө өкiмiмен
                                                      бекiтiлген

  Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр
     заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi
    арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi
 бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы
     10 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбiр
  заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi
 бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы
  5 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
        нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Теледидар және (немесе) радио   хабарларын таратуды  ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау eрежесi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi

2006 жылғы қыркүйек

2

Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны үшiн алым ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi

2006 жылғы қыркүйек

3

"Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi

2006 жылғы қыркүйек

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады