Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 220-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі:
      1) орталық атқарушы органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және   белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 7 тамыздағы
                                               N 220-ө өкімімен
                                                  бекітілген

  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
   табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен
   толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
    2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
     қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
                           тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

 1

            2

     3

    4

    5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

ТМРА (жинақтау) ЭБЖМ 
ЭМРМ 
ККМ 
АШМ 
Еңбекмині 
АБА 
Әділетмині

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы тамыз

2

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі адамдар алдында реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісінің кызметі туралы жыл сайынғы есеп беруді өткізу ережесін бекіту туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы тамыз

3

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық шығасыларын, шикізат материалдар, отын,     энергия шығысының, техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы

ТМРА (жинақтау) 
ЭМРМ 
ККМ 
АШМ 
АБА

ТМРА бұйрығы 

2006 жылғы тамыз

4

Табиғи монополия субъектісінің персонал санының нормативтерін бекіту ережесін бекіту туралы

ТМРА (жинақтау) 
Еңбекмині

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы тамыз

5

Табиғи монополия субъектісінің реттелетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алғаны және қондырғаны үшін ақының мөлшері мен оны өндіріп алу тетігін келісу ережесін бекіту туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы тамыз

6

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелген N 2237 "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесі туралы"» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

 2006 жылғы
шілде 

7

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелген N 2217»"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу   және бәсекелестікті   қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына      өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

 2006 жылғы
шілде   

8

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003  жылғы 20 маусымда тіркелген N 2373»"Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым  ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу   және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы тамыз

9

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде   тіркелген N 2256»"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер   (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы"»Қазақстан Республикасының     Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау   жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы
шілде  

10

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 тамызда   тіркелген N 2438 "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту    кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы"» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА (жинақтау) 
Еңбекмині

ТМРА бұйрығы

 2006 жылғы
тамыз 

11

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелген N 4166»"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы
шілде 

12

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелген N 3531»"Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп  көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 85-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА

ТМРА бұйрығы

2006 жылғы
шілде 

Ескертпе:
аббревиатуралардың   толық жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады