"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы»16 тамыздағы N 229-ө Өкімі

      1.   Қоса беріліп отырған "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру туралы"»Қазақстан Республикасының  Заңына  өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      орталық атқарушы органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес  нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                   Қазақстан Республикасы
                                     Премьер-Министрінің
                                   2006 жылғы»16 тамыздағы
                                       N 229-ө өкімімен
                                          бекітілген

   " Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы "
    Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
  толықтырулар енгізу туралы " »Қазақстан Республикасының
   2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
   қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
                        тізбесі

       Ескерту: Тізбеге өзгертулер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006 жылғы 24 қазандағы  N 305-ө  өкімімен .

Р/с

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Аяқтау  нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

1

2

3

4

5

1

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгінысанын бекіту туралы

Қазақстан Республик асы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғықыркүйек

АШМ (жинақтау), ҚҚА

2

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау  үшін бөлінетін ақшаны пайдалануережесін және агент қызметтерінің  ақысын төлеудің   мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҚА

3

ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2004 жылғы 17  тамыздағы N 863 қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҚА

4

Қолайсыз           табиғат құбылыстарын анықтайтын   өлшемдер мен       сипаттамаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2007 жылғы ақпан

Қоршағанортамині (жинақтау), ТЖМ, АШМ

5

Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған егістік алаңының мөлшерін және қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша тексеру актісінің нысанын анықтау үшін комиссия құру және жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

ҚазақстанРеспублик асы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ (жинақтау), СА, облыстар әкімдіктері

6

Қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы анықтамасының үлгі нысанын бекіту туралы

ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

Қоршағанортамині(жинақтау), ТЖМ, АШМ

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің қаулысы

2007 жылғы ақпан

АШМ  

8

Өсімдік шаруашылығы саласындағы өздерінің бақылау функцияларын уәкілетті органның жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының және агенттің ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ

9

Жойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

2007 жылғы ақпан

АШМ

      Ескертпе: аббревиатураларды толық жазу:
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады