"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған " Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң  ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және " Қазақстан Республикасының  кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген заңдарға сәйкес келтiрсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi осы өкiмнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырсын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 14 наурыздағы 
N 56-ө өкімімен     
бекiтiлген   

  "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.29. N  141  өкімімен.

P/c N

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Аяқтау
нысаны

Орында-
луына
жауапты
мемлекет-
тік
органдар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Сәйкестендiру нөмiрлерiн-
iң ұлттық тiзiлiмдерiн
құру, жүргiзу және
пайдалану ережесiн бекiту
туралы

 

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
АБА,
Еңбекмині,
ҰБ, СА

2007 жыл-
ғы наурыз

2

Жеке басты куәландыратын
құжаттарды даярлау
кезiнде пайдаланылатын
интегралдық микросхемаға
қойылатын талаптарды
бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині
(жинақ-
тау), АБА,
ҰҚК

2007 жыл-
ғы маусым

3

Сәйкестендiру нөмiрiн
қалыптастыру, жеке және
заңды тұлғалардың
(филиалдар мен
өкiлдiктердiң), сондай-ақ
жеке кәсiпкерлердiң
сәйкестендiру нөмiрiн
қалыптастыру және бұрын
берiлген құжаттарын қайта
ресiмдеу өтiніштерiнiң
eрежесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині
(жинақ-
тау),
Қаржымині

2007 жыл-
ғы наурыз

4

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы

 

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
АБА,
Еңбекмині,
ҰБ, СА

2007 жыл-
ғы наурыз

5

Сәйкестендіру нөмірін      интегралдық микросхемаға
енгізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині
(жинақ-
тау), АБА

2007 жыл-
ғы маусым

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады