Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 371-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 64-ө Өкімі

      "2007 жылы Қазақстан Республикасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты өңiрi бойынша Экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 63-сессиясын өткiзу жөнiнде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 371-ө  өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2007 жылы Қазақстан Республикасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты өңiрi бойынша Экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 63-сессиясын өткiзу жөнiндегi жұмыс тобының құрамына мыналар енгізiлсiн:

Мусин              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Аслан Есболайұлы     орынбасары - Экономика және бюджеттiк
                     жоспарлау министрi, төраға

Қазыханов          - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң
Ержан Хозеұлы        орынбасары, төрағаның орынбасары

Ерғожин            - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
Дәулет Едiлұлы

Әсем Бекқызы       - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Нүсiпова             вице-министрi

Бердiбек Машбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және
Сапарбаев            бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Алик Жатқамбайұлы  - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-
Шпекбаев             министрi;

      көрсетiлген құрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Әбдiрахманов Қайрат Құдайбергенұлы, Супрун Виктор Васильевич, Смайылов Әлихан Асханұлы шығарылсын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады