Пәкiстан Ислам Республикасы "Пәкiстан мұсылман лигасы" басқару партиясының Вице-президентi Гохар Аюб Ханның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 71-ө Өкімі

      2007 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiрде Астана қаласында Пәкiстан Ислам Республикасы "Пәкiстан мұсылман лигасы" басқару партиясының Вице-президентi Гохар Аюб Ханның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      делегация мүшелерiнің қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 346456 (үш жүз қырық алты мың төрт жүз елу алты) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады