Лондон Ситидiң Лорд - Мэрi Джон Статтардтың Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 72-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы екi жақты қаржылық ынтымақтастықты тереңдету және 2007 жылғы 28 - 30 наурыз кезеңiнде Астана және Алматы қалаларында Лондон Ситидiң Лорд - Мэрi Джон Статтардтың Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      5. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң делегациясын әуежайлардың VIP-залдарында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды, баратын орындарында бiрге жүрудi, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз етсiн.

      6. Алматы қаласының әкiмi Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының құрметiне Алматы қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 28 наурыздағы 
N 72-ө өкiмiне     
қосымша     

Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Riхоs-Президент" және Алматы қаласындағы "Okan Intercontinental" қонақ үйлерiне 1+2 форматы бойынша орналастыру, оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi атынан Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының мүшелерi үшiн Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      3. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу (1+2).
      4. Iс-шаралар өткiзiлетiн жерлердi гүлмен көркемдеу.
      5. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастархандарын ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады