Саяси, экономикалық жағдайларды және тәуекелдерді, қолда бар әлемдік тәжірибені және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын бағалауды ескере отырып, Ресей өзендері ағынының бөлігін Қазақстан мен Орталық Азияға бұрудың орындылығы және жүзеге асырылуы туралы ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 79-ө Өкімі

      1.   Саяси, экономикалық жағдайларды және тәуекелдерді, қолда бар әлемдік тәжірибені және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын бағалауды ескере отырып, Ресей өзендері ағынының бөлігін Қазақстан мен Орталық Азияға бұрудың орындылығы және жүзеге асырылуы туралы ұсыныстар әзірлеу үшін мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
 
Кеншімов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Әмірхан Қадырбекұлы          шаруашылығы министрлігінің Су
                             ресурстары комитеті төрағасының
                             орынбасары, жетекші

Жамбеков                   - Қазақстан Республикасы Экономика және
Серік Боранбайұлы            бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                             Салалық органдардың шығыстарын
                             жоспарлау департаменті агроөнеркәсіптік
                             кешен және қоршаған ортаны қорғау
                             басқармасының бастығы, жетекшінің
                             орынбасары

Сәрсенбаева                - Қазақстан Республикасы Ауыл
Гүлшәкира Байғонысқызы       шаруашылығы министрлігінің Су
                             ресурстары комитеті су ресурстарын
                             пайдалану мен қорғауды реттеу
                             басқармасының бастығы, хатшы

Қожақов                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Асан Егінбайұлы              министрінің кеңесшісі

Плеханов                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Петр Андреевич               министрлігінің "Жер туралы ғылым,
                             металлургия және кен байыту орталығы"
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                             бас директорының геологиялық-
                             географиялық бағыт жөніндегі орынбасары

Базарбаев                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Алмас Төлеқұлұлы             қорғау министрлігі "Қазақ экология және
                             климат ғылыми-зерттеу институты"
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             экологиялық мониторинг проблемалары
                             бөлімі су ресурстары тобының жетекші
                             ғылыми қызметкері, техника
                             ғылымдарының кандидаты

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде:
      1) су ресурстарын ішінара Ресейден алу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстанның оларға ұзақ мерзімді перспективаға қажеттілігін (су теңгерімін) айқындау жөнінде;
      2) Ресей өзендерінің ағынын Қазақстанға және Орталық Азияға бұрудың орындылығы туралы;
      3) Ресей өзендері ағынының бөлігін бұру мәселесіне қатысты ғылыми, ұйымдастыру, техникалық, экономикалық, экологиялық және өзге де аспектілер бойынша халықаралық келіссөздерге (Қазақстан мен Ресей, ЕурАзЭҚ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Орталық Азия мемлекеттері сарапшыларының кездесулері және басқалары шеңберінде) Қазақстанның ұстанымы жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады