"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы»8 мамырдағы N 114-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) Тізбеге сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы » 8 мамырдағы
N 114-ө өкімімен  
бекітілген     

  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с
N

Атауы

Актінің
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы
әділет органдары қылмыс-
тық-атқару жүйесінің ве-
домстволық наградалары
туралы

Қазақстан
Республикасы-
ның Президенті
Жарлығының
жобасы

Әділетмині

2007 жылғы
маусым

2

Қазақстан Республикасы
қылмыстық-атқару жүйесі
органдарының (мекемеле-
рінің) қатардағы және
басшы құрамдағы
адамдарының қызмет
өткеруі туралы ережені
бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы 
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині

2007 жылғы
маусым

3

Қылмыстық-атқару жүйесі-
нің қызметкерлерін Қазақ-
стан Республикасының
мемлекеттік органдарына
және халықаралық ұйымдар-
ға іссапарға жіберу
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы 
Үкіметінің
қаулысы

Әділетмині

2007 жылғы
маусым

4

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің кейбір
бұйрықтарына қылмыстық-
атқару жүйесі мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Әділетмині

2007 жылғы
маусым

5

Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру ережесін
бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

ІІМ

2007 жылғы
маусым

6

Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған әскери қызмет-
шілердің мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Қорғаныс-
мині

2007 жылғы
маусым

7

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті қылмыстық-атқару
инспекцияларының мемле-
кеттік наградаларды және
оған құжаттарды алып қою
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Әділетмині

2007 жылғы
маусым

8

Сотталғандарды жазасын
өтеуден босату үшін негіз
болып табылатын аурулар-
дың тізбесін бекіту тура-
лы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Әділетмині
ҚАЖК, ДСМ

2007 жылғы
маусым

9

Бас бостандығынан айыру-
ға сотталғандар жіберетін
және алатын хат-хабарлар-
ды цензурадан өткізу
ережесін бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

Әділетмині
 

2007 жылғы
маусым

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
 
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қорғанысмині     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі
Әділетмині ҚАЖК  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
                   Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады