Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2007 жылғы 9-11 мамырда Астана қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды
дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын
қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне»"1+11" форматы бойынша қызмет көрсету жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының делегациясын
қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін
безендіру, Ресей Федерациясы делегациясының баратын жерлерінде бірге
жүру, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім
бойынша) Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясының
Президенті Владимир Владимирович Путинді қарсы алу мен шығарып салу
рәсіміне қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы»8 мамырдағы
№N 116-ө өкіміне
қосымша
Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін»"1+11" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды Астана қаласының қонақ үйіне орналастыруға және оларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің
қызметкерлерін Астана қаласының қонақ үйіне орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы
рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен
мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының
әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын
ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
атынан Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің құрметіне ресми
қабылдау ұйымдастыру.
8. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға
медициналық қызмет көрсету.