Рессей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шекаралас облыстарына мемлекеттік теледидар және радио бағдарламаларының таратылуы аймағын кеңейту мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 160-ө Өкімі

      "Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24 қаулысын орындау үшін:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
 
Нұрахметов                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
Саят Ермаханұлы               ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                              мұрағат комитеті төрағасының
                              орынбасары, жетекші
 
Шарапиев                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Шыңғыс Баймұхаметұлы          ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                              мұрағат комитетінің басқарма бастығы,
                              жетекшінің орынбасары 
 
Мұқашева                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Кәмила Қалиасқарқызы          ақпарат министрлігі Ақпарат және
                              мұрағат комитетінің бөлім
                              бастығы, хатшы 
 
Баймұратов                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбілхан Есенұлы               және байланыс агенттігінің Байланыс
                              департаменті директорының орынбасары
 
Сахариянов                  - "Хабар агенттігі" акционерлік қоғамы
Қанат Ақылбайұлы              бас директорының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
 
Чернов                      - "Қазақстан телекоммуникациялары"
Алексей Алексеевич            акционерлік қоғамының
                              вице-президенті (келісім бойынша)
 
Ключникова                  - "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының
Валентина Ефимовна            бас техникалық директоры (келісім
                              бойынша)
 
Қасабеков                   - "Қазақстан"»республикалық
Ернұр Сметұлы                 телерадиокорпорациясы акционерлік
                              қоғамы техникалық дирекциясының
                              бас маманы (келісім бойынша)
 
Сәрсембеков                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қазбек Өмірзақұлы             министрлігі Азия және Африка
                              департаментінің (Қытай)
                              кеңесшісі (келісім бойынша)
 
Ахметов                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ербол Абанұлы                 министрлігі Азия және Африка
                              департаментінің (Қырғызстан,
                              Өзбекстан) кеңесшісі (келісім бойынша)
 
Ыскақов                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жасұлан Бақтиярұлы            министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер
                              Достастығы істері департаментінің
                              (Ресей) III хатшысы (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстанмен шекаралас өңірлерге мемлекеттік теледидар және радио бағдарламаларының таратылу аймағын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады