Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 90-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 197-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 90-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде 8, 9, 10 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"8   Астана қаласының пилоттық   Бұйрық   АБА (жинақтау),   2007
     аймағында мемлекеттік                ҰҚК (келісім      жылғы
     органдардың бірыңғай                 бойынша), ПМК     шілде
     көліктік ортасын пайдалану
     ережесін бекіту туралы

9    "Электрондық үкімет»        Бұйрық   АБА (жинақтау),   2007
     веб-порталының контентін             МАМ, ҰҚК          жылғы
     басқарудың ішкі жүйесін              (келісім          шілде
     пайдалану ережесін бекіту            бойынша), ПМК
     туралы

10   Бірыңғай электрондық құжат  Бұйрық   АБА(жинақтау),     2007
     айналымы жүйесінің                   ҰҚК (келісім       жылғы
     аппараттық-                          бойынша), ПМК      шілде
     бағдарламалық қамтамасыз
     етуін пайдалану ережесін
     бекіту туралы                                              ".

       Премьер-Министр

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады