III Азаматтық форумды өткізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 203-ө Өкімі

      Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда III Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылсын.

      2. Облыстар мен Алматы қаласының әкімдеріне III Азаматтық форумға қатысушылардың іссапар шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

      Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2007 жылғы 30 шілдедегі
                                                 N 203-ө өкіміне
                                                     қосымша

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.09.27.  N 275-ө  Өкімімен.

    III Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі
                ұйымдастыру комитетінің құрамы

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төраға

Ертісбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы     ақпарат министрі, төрағаның орынбасары
 
Сапарбаев              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы       халықты әлеуметтік қорғау министрі

Соловьева              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Айгүл Сағадыбекқызы      Мәжілісінің депутаты, Қазақстан азаматтық
                         альянсының президенті, төрағасының
                         орынбасары (келісім бойынша)

Балиева                - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Зағипа Яхянқызы

Дерновой               - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий Григорьевич     министрі

Есімов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ахметжан Смағұлұлы       министрі

Ысқақов                - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбділдаұлы        қорғау министрі

Мұхаметжанов           - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы         министрі

Оразбақов              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы         сауда министрі

Тәжин                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы    министрі

Түймебаев              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы     министрі

Мамин                  - Астана қаласының әкімі
Асқар Ұзақбайұлы

Байқадамов             - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
Болат Кенжекешұлы        жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Досжан                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ардақ Дүкенбайұлы        Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің
                         меңгерушісі (келісім бойынша)

Котенко                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Наталья Леонидовна       Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің
                         меңгерушісі

Нәубетова              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Рашида Аронқызы          жанындағы Отбасы істері және гендерлік
                         саясат жөніндегі ұлттық комиссия
                         хатшылығының бас инспекторы (келісім
                         бойынша)

Байсақова              - Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының
Зүлфия Мұхамедбекқызы    басқарма төрайымы (келісім бойынша)

Гуляев                 - "Десента" қоғамдық қорының (үкіметтік емес
Сергей Николаевич        ұйымдарды дамыту және қолдау орталығы) бас
                         директоры (келісім бойынша)

Кәрімбаев              - "Қазақстан жастарының конгресі" заңды
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы    тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
                         (келісім бойынша)

Перуашев               -»"Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Т9рлыбекұлы         экономикалық палатасының төрағасы (келісім
                         бойынша)

Цеховой                - "Халықаралық ақпараттандыру академиясы"
Алексей Филиппович       қоғамдық бірлестігінің бас директоры
                         (келісім бойынша)   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады