"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 қыркүйектегі N 257-ө Өкімі

      1. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін, сондай-ақ тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2007 жылғы 13 қыркүйектегі
N 257-ө өкімімен 
бекітілген    

  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Атауы

Актінің
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Президенті-
нің Жарлығы

АӨҚОҚРА

2007
жылғы
қыркүйек

2

Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының арнайы
сауда алаңына жіберілген
қаржы құралдары
эмитенттерінің аудитіне
жұмсалатын шығындарды
өтеу ережесі мен
мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АӨҚОҚРА,
ЭБЖМ,
Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

3

Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының
қатысушысы ретінде
аккредиттеу ережесін
бекіту туралы

Уәкілетті
органның
бұйрығы

АӨҚОҚРА

2007
жылғы
қыркүйек

4

"Бағалы қағаздар
рыногында кәсіби қызмет
түрлерін қоса атқару
туралы" Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы
27 қазандағы N 379
қаулысына (Қазақстан
Республикасы Әділет
министрлігінде 2003
жылғы 28 қарашасында N
2583 тіркелген) өзгеріс
енгізу туралы

ҚҚА
Басқармасы-
ның қаулысы

ҚҚА,
АӨҚОҚРА
(келісім бойынша)

2007
жылғы
қыркүйек

       Ескертпе:  аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады